Бірінші ереже: әдемі қолғап, алжапқыш және ыдыс жууға арналған ысқыш сатып алыңыз, түстері өзіңіз жақсы көретіндерден болсын, сонда олар әр ыдыс жуған сайын көңіл-күйіңізді көтеретін болады.
Екінші ереже: ыдысты дастархан басынан тұрған бойда бірден жуыңыз. Мұндай жағдайда ыдыс жуу үрдісі зауық болмайтын бөлек бір шаруа емес, тамақтану рәсімінің бір бөлігіне айналады.
Үшінші ереже: ас даярлау кезінде пайдаланылған ыдысты бірден жуып, орнына қойған жөн. Сонда тамақтанғаннан кейін шұңғылшада ыдыс-аяқ үйіліп жатпай, тек бірнеше тәрелке, саптыаяқ және асхана аспаптары ғана болады.
Төртінші ереже: майды керемет кетіріп қана қоймай, сонымен қатар қолдың терісін ылғалдандыратын жуғыш құралдарды пайдаланыңыз.
Бесінші ереже: шанышқылардың, қасықтардың және пышақтардың барлығын бір уақытта сабындап, су ағынының астында бірге жуыңыз.
Алтыншы ереже: оңай зақымданатын тефлон жабыны бар ыдыс ерекше күтімді қажет етеді: оны ұнтақ немесе паста түріндегі жуғыш құралдармен тазаламаған жөн.
Жетінші ереже: сонымен қатар сүйікті музыканы, аудиокітаптарды, теледидарды немесе отбасымен тілдесуді ұмытпаңыз. Асүйді жиыстыру барысында, үйді жиыстырған секілді, бірнеше істі бір уақытта жасауға болады.
Дайындаған: Айдос Айгерім
Дереккөз: everydayme.com