Сұлулық әлемді құтқарады! Ал әйел сұлулығын пайдалы кеңестер құтқарады. Күтінуге арналған көптеген кеңестер бар. Сол себепті біз осындай кеңестердің арасынан ең жақсы дегендерін оқырмандарымыз үшін арнайы жинақтадық. Ең бастысы – табиғатынан сұлу болып көріну! Алайда мұндай сұлулық үшін көп мөлшерде косметика қолдануға тура келеді. Бүгін беттің күтімі жайлы сөз етеміз:
Бет
1. Бет әлпетіңізді мезгілдің өзгеруіне байланысты күту қажет. Қыс мезгілінде жақсы ылғалдындыратын өнімдерді, ал жаз мезгілінде SPF-фильтрлі құралдарын қолдану қажет.
2. Жазда косметиканы аз қолданыңыз. Жеңіл әрі ылғалдандырушы тоналка немесе BB-кремді жағуға тырысыңыз.
3. Крем, маска және басқа да құралдарды бет терісіне массаж сызықтары арқылы жаққан жөн. Себебі бет әлпетіңіз екі түрлі әсер алады: күтім + массаж.
4. Безеуді сығуға болмайды. Себебі оны сыққан сайын оның бет терісіндегі орны ерекше байқалады.
5. Егер бет терісіне қатты байқалатын қызыл безеу шықса, байбалам салудың қажеті жоқ. Мақталы дискті көзге (қызаруын басатын) арналған тамшымен сулап, оны мұздатқышқа 3–5 минутқа қойыңыз. Мұздатқыштан алғаннан кейін, бет терісіндегі қызарған аймаққа дискті басыңыз. Нәтижесінде безеудің бар екені аса байқала қоймайды.
6. Безеуді жасыру үшін тіс пастасын да қолдануға болады. Бөртіп тұрған аймаққа тіс пастасын жағып, оны кептіріңіз. Нәтижесінде безеу бозарып кетеді.
7. Бронзер, хайлайтер және еңлікті (румяна) көп жағудан аулақ болыңыз. Оларды аз мөлшерде жақсаңыз, дұрыс көрінеді. Әйтпесе, қуыршаққа ұқсап кетуіңіз әбден мүмкін.
8. Тоналды кремнің ең жақсы реңк түрін таңдау үшін, кремді иек сызығына жағып, күндізгі жарық түсіп тұрған кезде, қай түрі сіздің бет әлпетіңізге келетінін анықтап алыңыз.
9. Бет әлпетіңізге тоналды кремді жаға отыра, оны мойныңызға да жағуды ұмытпаңыз.
10. Мынаны еске сақтап алыңыз: алдымен тоналды крем, сосын корректор жағу қажет. Керісінше жасауға болмайды.
11. Көздің астындағы дақты жасыру үшін, корректордың көмегімен үшбұрыш сызып, оны ақырындап жағыңыз.
Дереккөз : anabol.kz