Әйел заты тым нәзік жаратылыс иесі,оның ерін далабына қарап қандай жан екенін байқауға болады. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер.
Ашық-қызыл түсті далапты - қолданатын әйелдер байсалды,отырған орнында, қоршаған ортасында өзіне сенімді, аз-аздап паңдығы да бар. Кей-кейде махаббат бойынша жеңіл-желпі шатысқа да барып қалатын адамдар болғаны.
Күлгін түсті далапты - жақсы көретін әйелден мүмкіндігінше алыстау жүрген жөн.Олар өте менмен,қолынан келсін-келмесін әр нәрсеге ұрына кететін,өкініш дегенді білмейтін тік бақайлы болып жаратылған. Айтқанынан қайтпайтын тік мінезді адамдар.
Қоңыр түсті далапты - ұнататын әйелдің сыртқы бейне,бет-пішіні момақан ғана болып көрінеді және оған сеніп те қаласың,алайда,ішкі жан-дүниесі от болып жалындап тұрады. Оны сын сөзбен білдіреді.
Қып-қызыл далапты - ұнататын әйел мақсатына атойлап жетеді екен және де олар адал,ақиқатшыл, кей-кейде қатігез болғанымен негізінен тіке айтатын, айналасындағыларға жақсы әсер ететін және солай ете алатын жандар болып келеді.
Сұйық түсті далапты - ұнататын әйелер белсенді болып келеді,алдағы күндерге сеніммен қарайтын,салауатты өмір сүрушілікке құштар жандар.
Дереккөздер: Хирономия
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы