Сұлулық күтімді қажет етеді. Әрдайым әдемі болу үшін күтімге қоса шағын «қулықтар» да қыздардың жадында жүруі керек. Ендеше, қыздар, естеріңізге сақтап алыңыздар!
-Құрғақ сусабынның (шампунь) орнына крахмалды қолдануға болады.
-Жаңа туфли кигенде табаныңыз ойылып кетпеуі үшін дезодорант немесе опа жағып қоюға болады.
-Кірпігіңізді көтерер алдында кірпік көтеруге арналған қысқышты фенмен аздап қыздырып алу керек. Сонда кірпік қайырылған күйін ұзақ сақтайды.
-Тырнақ боямастан бұрын көбесіне вазелин жағып қойыңыз. Жағылған тырнақ бояуын сүртіп тастау оңай болады.
-Сүйікті иіссуыңыздың хош иісі ұзақ сақталуы үшін білегіңізге аздап вазелиннен жағып, содан кейін ғана иіссудан себіңіз.
Дереккөз : anabol.kz