Нұрым Досболов: «Қазіргі КВН-ның талабы қатал»

Screenshot_1.jpg

Нұрым Досболов, ОҚМУ-дың «Көңілді тапқырлар клубы» үйірмесінің жетекшісі:

Жалпы ОҚМУ-дың 10 жылдық КВН тарихында нашар командалар шықпаған. Мен 2008 жылы аталмыш отқу орнына түскеннен кейін ұстазым Зұлпыхар Баймұрзадан тәрбие алып, «Корпус В» командасында өнер көрсетіп жүрдім. Ұжыммен бірге талай жеңістің дәмін таттық. Оқуымды тәмамдаған соң осындағы басшылар мені жұмысқа шақырып, үйірмеге жетекші болдым. Тәжірибесі мол ағалармен ақылдаса келе жаңа «Байдың балалары» атты команданы жасақтадым. Қазір құрамда бірінші, екінші курстың жас жігіттері бар. Соларды үлкен сахнаға дайындап жатырмын.  Команданың атауына байланысты алғашқы кезде сын айтқандар кездесті. Бірақ бұл атауды өзгертетін ойымыз жоқ. Себебі «Байдың балалары» бізге сәттілік әкеледі деген сенімдемін. Кеменің аты қандай болса, солай жүзеді деген сенім бар ғой, сол секілді бастысы нәтиже деп ойлаймын. Оқу орнымыздың басшысы Жұмахан Үшкемпірұлы бізден көмегін аянып қалған емес. Әр жарыста бізге сәттілік айтып, тілеуімізді тілеп отырады. Қаражат басқа да қажеттілік жағынан қысылған емеспіз. Осы күнге дейін өнер көрсетіп, жоғары жетістіктерге жеткен командалардың барлығы осы университеттің көрсетіп отырған қамқорлығының арқасы деуге болады. Қазір Астана қаласында өтетін премьер лига ойындарына дайындалып жатырмыз. Құрамда үлкен сахнаға шықпаған  жас өнерпаздар болса да ОҚМУ-дың атын асқақтатуға тырысамыз.

Көпішілік басқа театрларға қарағанда КВН-де өнер көрсету әлдеқайда оңай деп есептейді. Олай емес. КВН ойынында тапқырлық, еңбек, талант қажет. Әзілді, сценариидің барлығын өзіміз жазамыз. Бір минутта бірнеше образға еніп, жұртты күлдіру үлкен өнер деп санаймын. Оның үстіне қазіргі ойындарға талап қатал. Бұрынғыдай көрші Ресейдің немес басқа елдердің әзілдерін көшіруге рұқсат жоқ, әр команданың әзілдерін сахнаға шығармас бұрын бес, алты редакторлар тексеріп, сүзгіден өтікізіп шығады. Және бүгінде бәсекелестер көп. Мәселен бір ғана Шымкент қаласынынң өзінде 40-қа жуық командалар бар. Бүкіл республикадағы командалардың арасынан суырылып шығу нағыз еңбек, нағыз жеңіс.           

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақпал Жұмабай: «Біз барлығымыз таза адамдардың алдында қарыздармыз»
  • Батырхан Дәуренбеков: «Анимацияның идеологиялық қару екенін әлі сезіне алмай жатырмыз»
  • Шалатай Мырзахметов, депутат: «100 мың доллар еңбекақы алған кезіміз болды»
  • Нұрлан САНЖАР: «Қожаның» көп қылығы өз бойымда да бар
  • Қайырғали МЕДЕТ: Түркістандағы НКВД-ның түрмесі бүгінде жекенің қолында
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: