«Жалғыз қызым бар»: Есен Елеукен отбасы жайлы айтты

Screenshot_4.jpg

"Қазақстан КВН одағының" төрағасы Есен Елеукен алғаш рет отбасы жайлы айтып берді. Көп балалы отбасында тәрбиеленген танымал тұлға өзінің жалғыз қызы бар екенін де жасырмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тапқырлар сайысының жүргізушісі 11 ағайынды. Оның анасы бүгінгі таңда қырыққа жуық немере мен шөбере сүйіп отыр.

"Анам Ақтөбе облысы Шалқар қаласында үлкен ағамның қолында тұрады. 11 ағайындымыз. Ең үлкен ағам мен әпкем қайтыс болды. Анамның 40-қа жуық немересі мен шөбересі бар, үлкен әулетпіз", - дейді Есен Елеукен.

Ал КВН одағы төрағасының өзі бір қыз тәрбиелеп отырғанын жеткізді.

"Жалғыз қызым бар. Бұрынғы қазақ-түрік лицейі, қазіргі "Білім инновация" мектебінің 7-сыныбында оқиды. Уақытым аз, оны мойындаймын. Бірақ қызымды қатты еркелетпеймін, ақылымды айтып тұрамын. 

Жұрттың баласы сияқты автобуспен мектебіне барады. Қызым қазақша біледі, сөйлейді, ойлайды. Соған қуанамын", - деп ағынан жарылды Елеукен.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: