Күйеуі жұмыс істейтін көпбалалы аналарға мемлекеттен көмек берілмейді

Screenshot_1.jpg

Президенттің тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының төрт түрі есептелмейді. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтып берді деп хабарлайды Астана телеарнасы.  

Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған. 

Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министрдің сөзінше, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасысы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Жақыпова олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылатынын ескертті. Ол әр балаға берілетін жәрдемақы төлене беретінін жеткізді.  

"Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: