Жұмыс сапарымен еліміздің батыс өңірін аралап жүрген Гүлшара Әбдіқалықова қай жаққа барса да, алдынан жалғызбасты аналар шығып жатқанын айтты. Үкімет басшысының орынбасары әйелдердің жағдайына алаңдайтынын да жасырған жоқ.
Үкімет басшысының орынбасары бастаған бір топ министр бүгін Ақтөбеге келді.
"Жалғыз басты аналар... Қай жаққа барсам да, алдымнан жалғызбасты аналар шықты. Мынау не? Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе? Проблеманың бәрін әйелдердің басына үйіп қойған ба? Осы түсініксіз болып кетті", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.