«30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер зейнетке шыға ма?» Министр жауап берді

Screenshot_2.jpg

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы биыл тамыз айында парламент депутаттарының қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін үкіметтегі баспасөз жиынында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бұл заң педагогтер арасында парламент мәжілісінің депутаттарының қатысуымен өте мұқият талқыланғанын білесіздер. Көп ескерту болды, сол себепті заң жобасы тағы бір рет қайта қаралып, енді тамыз айына таман оны парламент мәжілісі депутаттарының қарауына енгіземіз, – деді ол.

Министр сондай-ақ, мұғалімдерді 30 жылдық еңбек өтілінен кейін зейнетке шығару туралы да айта кетті.

– Зейнетақы жасына келсек, бұл сұрақтар елдің зейнетақы туралы заңдары аясында қаралуда. Мұғалімдер азаматтық қызметкерлер санатына жатады, сондықтан бұл мәселені бәрімен бірлесе қарастырамыз. Зейнетақы жөніндегі мәселені біз басқа жағынан көтеріп отырмыз: егер адам педагогикалық ЖОО бітіріп, бірден мектепке жұмыс істеуге келсе, мектепте үзіліссіз еңбек етсе, онда зейнетке шығарда оның педагогикалық ЖОО-да білім алған уақытын жалпы стажға қосып санауды ұсынып отырмыз. Мұның бәрі қазір талқыланып, орталық мемлекеттік органдармен мақұлдатылуда, – деді Шәмшидинова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: