*Еуропалықтар ата-ана болуға асықпайтын көрінеді. Олар 29 жасында сәбилі болады екен. Ал ресейліктер еуропалықтармен салыстырғанда ертерек, шамамен 20 жасында ата-ана атанса, үнділіктер бала сүю бақытына 19 жасында ие болады.
* Ең жас ата-аналар 1910 жылы Қытайда өмір сүрген. Бұл кезде жас жұбайлардың жасы сегізде және тоғызда болған.
*Бір анадан туылған балалардың рекордтық саны 69-ға жеткен. Тарихи деректерге қарағанда Рамзес перғауынның барлық әйелдерінен 160-тан астам ұл-қыздары туылыпты
*Жер щарында ең көп егіздер Нигерияда дүниеге келеді. Мұнда әрбір он бірінші әйел егіз босанады екен. Ал егіздері ең аз ел Жапония. Күншығыс елінде бұл көрсеткіш 250 босануда бір рет кездеседі.
*Адамзат тарихындағы ең көне балалар ойыншығы Иранның аумағынан табылған. Оны «жасы» 3 мың жылды құрайды. Қазір бұл ойыншық Лувр мұражайында сақтаулы тұр.
*Ағылшын королі Генрих VI 1422 жылдың 1 қыркүйегінде салтанатты түрде таққа отырған. Бұл кезде ол тоғыз айлық екен. Ол өзінің алғашқы шығарған жарлығына бас бармағын басып қол қойған. Осы жарлықпен сәби-король өзіне күтуші тағайындаған екен.