Сотталған шенеуніктер жазасын қайда өтеуде?

Screenshot_1.jpg  

Рейтинг» газетінің редакциясына өзін Әлімбек Қаратаев деп таныстырған оқырман телефон шалды. Әлімбек сотты болған бұрынғы лауазымды қызметкерлердің қазіргі тағдырына қызығушылық танытып, олардың қай түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандығын білгісі келетінін жеткізді.       Оқырман сұранысына орай назарларыңызға Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасынан алынған мәліметті ұсынғанды жөн көрдік. 

1. Әлібек Бектаев, Созақ ауданының бұрынғы әкімі, ҚРҚК-нің 311 бабы, 4-бөлімі бойынша айып тағылып, 8 жылға сотты болған. Жазасын өтеу мерзімі 2007 жылдың 21-қарашасынан басталып, «31-түрме» аталып кеткен ИЧ 167/3 мекемесінде 2008 жылдың наурыз айынан қарашаға дейін болып, кейін Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылған. 

2. Айжамал Мамытбекова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының бұрынғы орынбасары, ҚРҚК-нің 177 бабы 3-бөлімі бойынша, яғни алаяқтығы үшін  бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу уақыты 2007 жылдың 17-қарашасынан басталған. Сотты болғаннан кейін Шымкенттегі тергеу оқшаулау мекемесінде қалған. Жақында бұл мекеменің орнына  ИЧ 167/4 мекемесі, яғни әйелдер колониясы ашылып, Мамытбекова қазір осында. Мұнда 300-дей нәзік жандылар  жазасын өтеуде. 

3. Ахметжан Сәбденов, облыстық құрылыс департаментінің бұрынғы директоры, ҚРҚК-нің 311 бабы, 5-бөлімі бойынша  11 жылға сотты болған. Жазасын өтеу уақыты 22.09.2008 жылдан басталған. Үстіміздегі жылдың 23-қаңтарынан бастап Төлеби ауданы, Шахта Тоғыс ауылындағы қатаң режимдегі ИЧ 167/9 мекемесінде жазасын өтеуде. 

4. Қорғанбек Бердалиев, Жетісай қаласының бұрынғы әкімі, ҚРҚК-нің 177 бабы, 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу мерзімі 2008 жылдың 15-ақпанынан басталып, қазір «31-түрмеде» жазасын өтеуде. 

5. Данияр Омаров, Шардара қаласының бұрынғы әкімі, ҚРҚК-нің 311 бабы, 3-бөлімі бойынша айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір «31-түрмеде»жазасын өтеуде. 

6. Мұхтар Қалымбетов, Ордабасы ауданы, Бадам ауылының бұрынғы әкімі, ҚРҚК-нің 311 бабы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұл да «31-түрмеде». 

Кентау мен Арыс қалаларының да бұрынғы әкімдері Жарылқасын Тұрабаев пен Шаймерден Сатымбеков пара алды деген күдікпен қолға түскен болатын. Қазір Тұрабаевтың соты Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында қаралу үстінде. Ал Сатымбековке қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты тергеу амалдары әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта бұл екі іс бойынша да мәліметтерден хабардар ететін боламыз.        

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: