Декларацияны бірінші кезеңде шенеунік пен оның жұбайы тапсырады


 c2f841bcfb1dc79faf98e513781bff98_xl.jpg

 Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады. Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары. Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнің қорытындысы талданатын, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.  



 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: