-Қазақстанда Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың беделінің мықты екеніне қарамастан билікті алмастырудың алғышарттары жасалып жатыр. Бірақ Қазақстанда президент болуы мүмкін деген мұрагерлердің алғашқы жиырмалығынан оппозицияның бірде-бір өкілін кездестіре алмайсыз. Халық Н.Назарбаев билікті өзінің сенімінен шыққан адамдардың біріне береді деп ойлайды. Дегенмен «араб көктемі» авторитарлы режимде ешқашан да тұрақтылық болмайтынын көрсетті. Тіпті, басқару жүйесін жетілдіру де, табиғи байлықтың көптігі де сақтап қала алмайды. Егер Н.Назарбаев өзінің мұрагерін анықтап кете алмаса, онда оның айналасындағылардың бұл мәселені қалай шешетіні туралы айту өте қиын,- деді жуырда Д.Вашингтон атындағы университет жанындағы халықаралық даму жөніндегі орталықтың директоры Шон Робертс. Оның болжамынша Н.Назарбаевтың орнын басу мүмкін деген ықтимал мұрагерлер мыналар:
1.Қайрат Сатыбалды,
2. Иманғали Тасмағамбетов,
3. Нұртай Әбіқаев,
4. Дариға Назарбаева,
5. Кәрім Мәсімов,
6. Тимур Құлыбаев.
Дереккөз: "Рейтинг" газеті, 2014 ж