Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жеке адамдардан заңсыз сыйлық алып келген. Өңірде мемқызметкерлерге қатысты осындай 10 істің сотқа жіберілгені белгілі болды.
"Қазақстанның ӘҚБтК-нің 676 бабы бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Мемқызмешілерге және оған теңестірілген қызметшілерге жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруіне қатысты 10 әкімшілік іс қаралды.
Оларға соттың тиісті шешімімен 4 810 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 12 353 280 теңгені құрайды", - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов.
2018 жылы өңірде аталмыш департаментпен 125 әкімшілік істер бойынша хаттамалар толтырылған.
Бұлардың қатарында кәсіпкерлікпен айналысқан мемқызметкерлер де бар. Ақтөбе өңірінде осындай 1 жағдай тіркеліп, мемлекеттік қызметте жүрген "кәсіпкерге" 336 700 теңге көлемінде айыппұл салынған.