«Бақытты балалық шақты қорғау» акциясының аясында Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 және ИЧ-167/10 мекемесінің қызметкерлері №3 Балалар үйіне сыйлықтар апарды.
Шымкент қаласында орналасқан №3 Балалар үйінде бүгінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 60-тан аса бала тәрбиеленуде. Мұнда балалар түрлі себептермен түскен, алайда олардың тағдыры ұқсас ерекше сәбилер. Анадан жетім қалған балалар үлкендердің қолдауына, көмегіне және қамқорлығы мен мейірімділігіне ерекше зәру.
Сонымен қатар, аталған колонияның қызметкерлері №36 мектепте білім алып жақан 10 шақты балаға қыстық киім сатып алу үшін мектеп әкімшілігіне қаржылай қаражат табыс етті.
«Біз бұл істі бар ынтамызбен ұйымдастырдық. Мені қолдаған әріптестіріме алғыс айтамын. Онсыз да ата-ана мейірімінен қалған балалардың қуанышты жүзін көру бізге жылулық сыйлады. Бала болашағымыз десек, олар назардан тыс қалмауы тиіс. Өмірде мейірімділіктің бар екенін және қайырымды жандардың кездесетініне күмәнмен қарамауы тиіс», - дейді Шымкент қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесі бастығының орынбасары Б.Джунисбеков.