Мысырдағы Хеопс пирамидасының биіктігі 139 метрді құрайды. Бұл ғимарат Париждегі Эйфель мұнарасы салынғанға дейін әлемдегі ең биік құрылыс саналып келді. Ал, Мексиканың Чолула қаласындағы Тепанапа пирамидасы Мысырдағы Хеопс пирамидасынан екі есе аласа болғанымен, аумағы жағынан одан әлдеқайда үлкен. Мысырлық пирамиданың көлемі 2,58 миллион шаршы метрді құраса, мексикалық пирамиданың көлемі 3 милион шаршы метр.
Хеопс пирамидасы әлемнің жеті кереметінің тізіміне енген. Мұндай мәртебе Тепанапаға бұйырған жоқ.