Назарбаевтың жиені Меккеде мұсылмандық парызын өтеп жүр (видео)

b05e8f8345f5ead12cdb2ecc0249481a-small.jpg

Бүгін Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Меккеге барып, Қағба маңында мұсылмандық парызын өтеп жүргені жөнінде Инстаграм парақшасында видео жариялады деп xабарлайды Oinet.kz. 

Естеріңізде болса, Айсұлтан Назарбаев бұған дейін есірткіге әуестенгенін Фейсбуктегі парақшасында жазған еді. 

“Қоғамдағы нашақорлық – бұл әлеуметтік мәселе. Ал, адамдар үшін қауіпті ауру. Бастапқыда әлем кереметтей болып кеткен секілді болады. Бірақ бұл тек бастапқыда ғана. Есірткі адам ағзасына тарап, ішкі мүшелерге өтеді. Қауіпті дертке апарады. Ауруы асқынғандар ажал құшып жатады.

«Атам, академик Мұхтар Әлиев көз жұмған соң бір жарым айдан кейін әкем Рахат Әлиев тұрмеде асылып өлді. Ел мені бақытты бай баласы деп ойлайтын. Ал маған бұл екі қаза ауыр соққы болды. Мені отбасым қолдады. Әсіресе, атам Нұрсұлтан Назарбаев көңіл бөлді. Күндіз  17 млн адамның мәселесін шешіп, кешке тек бір немересінің қас-қабағына қарайтын. Ал мен қайғымды жеңе алмай әлсіздік танытып, есірткіден рахат табуға тырыстым. 

Бұл ауруды тек ерік-жігермен жеңу мүмкін емес. Оған қарсы дәрі де әлі шығарылған жоқ. Нашақорлықпен күресу – игі іс. Ал, нашақорлармен күресу бұл – қылмыс.

Осы орайда нашақорлықпен күресетін қор құруды ойластырып жатырмын. Қазір тәжірибелі мамандар іздеу үстіндемін. Маған нәтиже шығара алатын адамдар керек. Осы дертпен ауыратын әрбір адамға көмектесуге тырысамын», деп Айсұлтан өз парақшасында жазған болатын. 

Сонымен қатар, Айсұлтан биліктегі атасының жанында жүрген бір топ шенеуніктерді жұлдыз ауруына шалдыққандар деп сынады. Содан кейін ол мүлдем көрінбей кетті. Бұл жөнінде, Айсұлтанның не үшін назардан кеткені жөнінде түрлі сыбыстар мен болжамдар айтылды. Енді соңғы 3 күннен бері Айсұлтан Инстаграм парақшасын қайта жүргізуді бастады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: