Бүгінде төрткүл дүниенің ең негізгі мәселесі қауіпсіздік болып отыр.
Осы тұрғыдан Қазақстанның президенттік сайлау өткізу туралы шешімі ішкі жағдайда және халықаралық деңгейде ел қауіпсіздігін сақтап қалу және жарқын болашақ үшін жасалған стратегиялық шешім болды. Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығы басшысы, профессор, доктор Мехмет Сейфеттин Эрол осындай пікір білдірді. Айтуынша, бұл қарар елдің болашақтағы бағыт бағдарын айқындау ісінде өте маңызды.
Мехмет Сейфеттин Эрол, Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығының басшысы:
- Қазақстанда кезектен тыс жалпыхалықтық сайлау өткелі жатыр. Кезектен тыс сайлаудың өтуіне халықаралық және өңірлік жағдайлар түрткі болып отыр. Сондай-ақ сайлау туралы шешім елдегі демократияның деңгейін көрсетеді. Қазақстан демократияны дамытуда елеулі прогреске қол жеткізді. Сондай-ақ сайлауға қатысатын кандидаттардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі авторитеті жоғары болуы тиіс. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев өзінен кейінгі буынға мықты мұра аманат етті. Бұл үлкен жауапкершілік. Оның бастаған жолын жалғастыратын көшбасшы қажет.
Дереккөз: 24.kz