Орталық сайлау комиссиясы тіркеуде тұрған бір партияны «жоғалтып алды»

Screenshot_1.jpg

Орталық сайлау комиссиясы елімізде тіркелген жеті саяси партияның біреуін таппай отыр. Бұл туралы бүгін ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Баймолдина әділет министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 7 саяси партия тіркелгенін атап өтті. Алайда қазір бір партияның бар-жоғы мүлде белгісіз болып отыр екен. 

"Осында 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын, бірақ жетінші партия белгісіз болып отыр. Оларға хат жібереміз, бірақ ешқандай жауап жоқ. Қандай шарамызға шақырсақ та, сол саяси партияның өкілдері қатысқан емес", - деді ол ОСК отырысынан кейін. 

Баймолдина Орталық сайлау комиссиясының іс-шараларына белсенді қатысып жүрген 6 партияны атады. Олар: "Nur Otan", "Ақ жол", "Қазақстан коммунистік халық партиясы", "Ауыл", "Бірлік", "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы".

Әділет министрлігінің мәліметінше, ел аумағында тіркелген жетінші саяси партия –Қазақстанның демократиялық партиясы – "Азат".

Ал елімізде қанша республикалық қоғамдық бірлестік бар екенін Орталық сайлау комиссиясы білмейді екен. 

"Біз ешқашан да ондай ақпаратты сұратқан емеспіз. Бұл әділет органдарының құзыретіне жататын мәселе", - деді ол.

Айта кетсек, биыл 9 маусымда елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығына Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ие. 

Кандидаттарды ұсыну 10 сәуір күні басталды. Енді ол 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: