Жуырда Legatum Institute зерттеу институты әлем халықтарының әл-ауқатына қатысты рейтинг жариялады. Зерттеу дүниежүзі мемлекеттерінде жүргізіліп, онда білім деңгейі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, өмір сүру ыңғайлылығы, инвестициялар көлемі, діни наным-сенім бостандығы секілді бірқатар критерийлер қамтылды.
Халқының әл-ауқаты тамаша ел ретінде Австриалия танылды. Ең нашар ел – Йемен.
ТМД кеңістігінде тек Эстония (36-орын) мен Латвияға (41) есе жіберіп, Ресей (57), Украина (68) мен Беларусьтен (78) озып шықтық. Алашапанды өзбек ағайындар 80-орында.
Қырғыз бауырларымыз бұл тізімге тіпті іліге де алмаған.
Сондықтан, дағдарыстан қиналсаңыз мұңаймай, қайта шүкіршілік жасаңыз. Біз Ресей, Марокко, Болгария, Египет, Пәкістан, тіпті бізге қол ұшын созып, көмек көрсетіп жүрген Түркияның тұрғындарынан да бақуатты тұратынымызды еске алып қойыңыз. Айтпақшы, Рахат Әлиев Венаны тегін таңдамаса керек. Бұл тізімде Австрия екінші орында тұр.