Сарыағашта оқушылар апатты мектептің асханасында сабақ оқиды

n1.jpg

Сарыағаш ауданы Құрама ауылының балалары сабаққа сақтанып барып, үйге үреймен қайтып жүр. Салынғанына алпыс жыл болған білім ұясының қазір қабырғасы құлап, бірнеше бөлмелерде сабақ өту мүмкін болмай қалды. Ал  жаңа мектептің жобасы мақұлданып, құжаттары  әзірленіп қойғанына қармастан құрылыс әлі күнге кейінге сырғытылып келеді.

Орта мектеп етіп отырған жеркепені Құрама ауылының азаматтары 1950 жылы өздері асарлатып жүріп тұрғызыпты.  Тозығы жеткен ғимарат қазір тізеге дейін жерге кіріп тұр. Қақыраған қабырғалары құлап кетпес үшін 9 жерінен бетон тіреу қойылған. Ал сынып бөлмелеріндегі бүйірі тесік қаңылтыр пештен шығатын улы газдан бас айналып, өкпе қабынады.Ата-аналар қауымы перзенттерін қауіпті мектепке жіберуге жүрексінетіндерін жасырмайды.« Немерелерімізді мектептке оқытуға қорқамыз. Жанымызды шүбереке түйіп отырамыз. Мен де осы мектепте білім алып едім, зейнеткерлікке шықты,әлі жөндеу көрген жоқ. Мектептің жағдайы нашар. Балаларға қиын тиіп отыр. Неше рет жер қимылдап жатыр. Мектеп балалардың өміріне өте қауіпті»дейді ата-аналар комитетінің мүшесі Төребек Тұрлыбеков.

Ғимараттың кейбір жерінің бел ағаштары майысып, едені жермен-жексен болған. Табалдырықтан аттаған жанның үрейі қашып, кері бұрылатын мұндай бөлмелердің саны биыл екеуге жетті. Сыйыспайтын болған соң кейбір сыныптар асханада оқып жүр. Мектепте 500-ге тарта бала білім алып жүр. Бұдан біраз бұрын мектептің ахуалына сараптама жүргізген мамандар ғимарат апат алдында тұр деген  қорытынды жасаған. Сөйтіп жаңа білім ұясының құрылысы биыл басталуы керек еді. Енді тағы үш жылға кейін шегеріліп отыр. 

Сарыағаш аудандық білім бөлімінің инспекторы Орынтай Бегайсовтың айтуынша мектеп алғашқы кезде жоспарға енгізілген. Былтырғы  апатқа байланысты құрылыс кешеуілдепті. Апат болған жағдайда көрші мектептерге, көрші ғимараттарға апарып оқытуды келісіп қойғанбыз. Сарыағаш ауданында тап осындай апатты күйде тұрған мектептердің саны 11  болатын. Оның екеуі типтік жобаға сай қайта салынды. Ал өзгесі алдағы жылдардың еншісіне қалып тұр. 

Ғани Қалмаханов,

«Қазақстан»Ұлттық телеарнасының меншікті тілшісі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: