КешYou тобынды 4 жылдай уақыт өнер көрсеткен әнші қыз Балжан Бидаш бала күнінде әнші Айқынды ұнатқанын мойындады.
Бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz
Балжан Бидаш бағдарламаға қонақ болып келді. Алдағы уақытқа құрған жоспарлары жайында айтты.
Әнші қыз сөз арасында Айқынды ұнатқанын айтып қалды. "Бала күнімде Айқын ұнайтын. Енді мұны естіп Жұлдыз шашымды жұлып жүрмесін", - деп әзілдеді.
Балжанға бағдарламадағы ойын кезінде Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген екеуінің бірін таңдау міндеттелді. Балжан Айқынды таңдады.
Әнші қыз одан бөлек алдағы уақытты әр түрлі стильде өнер көрсететінін атап өтті.
"Мен нақты мынадай стильде ән айтам деп айта алмаймын. Әр түрлі стильдегі әндерді тыңдаймын. Сондықтан әндерім түрлі сарында болмақ", - деді әнші.