Жақында ғана қызын ұясынан ұшырған Баян Алагөзова әлеуметтік желіде сүйінші сұрады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Продюсер қызы Айсәуленің жеке сұлулық салон ашқанын айтып мақтанды. "Қызымды құттықтауға келдім. Ол оның алғашқы бизнес жоспары. Салонға өрлеу мен жақсы клиенттер тілеймін" деген Баян салонда бағалардың өте тиімді екенін алға тартыпты.
Желі қолданушылары Айсәуленің өте ақылды екенін айтып, сәттілік тілеуде.