6 сәуір күні Айдарбековтер жанұясында суыт хабар естілді. Қайрат Нұртастың нағашы әжесі дүниеден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы хабарды әнші, оның жұбайы мен анасы Instagram парақшаларында жариялады.
"Асыл Әжем, жаныңыз жәннатта болғай!",- деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ал Қайрат Нұртас пен анасы өз парақшаларында әншінің әжесін сүйіп тұрған суретімен бөлісті. "Әжетайым, жаным сол! Мәңгілік жүрегімдесің! Жаныңыз жәннаттан болсын!", -деген Қайрат Нұртас.
Ал продюсер Гүлзира Айдарбекова анасының қазасына қайғырып, Алматыға енді бара жатқанын айтқан.