Баян Алагөзова көңілді кештердің бірінде Заттыбек Көпбосынұлының әніне билеп, желіні шулатты. Әдетте орыстілді ортада жүретін танымал продюсер қазақ тойларының "патшасына" айналған Заттыбектің әніне секіріп тұрып билегенде, көпшілік таңданысын жасыра алмады, деп жазады stan.kz
Ал продюсердің өзі:
"Халықтың Заттыбектің соншалықты жақсы көретінін бүгін түсіндім", - деп әсерімен бөлісті.
Желідегілер Баянның Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққалы қатты өзгергенін, қарапайым бола түскенін атап өткен. Айтпақшы кадрдан Айгүл Иманбаеваны да байқауға болады.
"Баян ханым, сізге ғашық болу жарасады екен. Қарапайым болуды және жай адамдардың жанын түсініп бастаған сияқтысыз. Әлде бұрын көрсетпейтін ба едіңіз? Жақсы жағына өзгертіпті сізді махаббат", - деп жазды оқырманның бірі.
"Мұзды әйелдің ерігені жақсы болған екен. Сырт көзге сондай сүйкімді. Қарапайым, көңілді", - деп жазды тағы бірі.