Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Өз ойым" бағдарламасына талай сын айтқан әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ләйләнің бұған дейін берген сұхбатын желіге салып, өз ойын жазды деп хабарлайды oinet.kz.
Тележүргізуші Аман Тасығанға берген сұхбатында былай депті: "Шынайы болып, алдамау керек. Мүмкіндігінше адамды алдамауға, біреудің ала жібін аттамауға тырысамын. Қолымнан келгенінше жаманды жасырып, жақсыны асырамын. Өтірік істей алмаймын. Өтірік инабатты, ибалы бола алмаймын. Біреуге жағу үшін бірнәрсені өтірік істей алмаймын. Шындықтан таяқ жеген жоқпын. Біреуге менің зияным тимеуі керек".
Ләйләнің осы сөздеріне шүйліккен Нұрболхан мынадай жазба қалдырған: "Халықтың сүйiктiсi" деген атақты кiм бердi, тағы? Уа' Халайық, бердiңiздер ме? Сүйiктiсi болу үшiн шынайы болу керек, алдамау керек. Жаманды жасыруға, жақсыны асыруға, бiреудiң ала жiбiн аттамауға тырысамын. Өтiрiк iстей алмайм. Бiреуге менiң зияным тимеу керек дейсiз бе? Айтқан сөздерiңiздiң бәрiн керiсiнше iстедiңiз ғой. Анау қызды оқудан шығарып тындыңыздар. Гей, трансвестит, жезөкшелерге, пәктiгiн сататындарға жарнама, агитация жасап бiттiңiздер ӨТİРİК КЕЙİПКЕРЛЕРмен. Сөзiм жоқ! Анау продюсер балақайдың артына тығылмай, шығыңыз МЕДИА БАТЛға".
Әзілкештің бұл ісін желі қолданушылары қолдаса енді бірі "Шаршатып жібердің. Өз ойымды жамандап өзіңе оқырман жинап болған шығарсың, қойшы болды" деген пікір жазған.