"Өз ойым" бағдарламасы төңірегінде дау әлі басылмай тұр. Бағдарламаның былығын ашқан әзілкеш Нұрболхан Шараповты ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы видео-батлға шақырды. Бұл ақпаратты Нұрболхан өзінің Instagram-парақшасында жариялады деп хабарлайды oinet.kz тілшісі..
«Өз ойымның артын аштым деп алты алаштан сүйінші сұрап жүрген Нұрболхан, мен сені ертең видео-батлға шақырамын. Қай жерде болатынын жекеңе қалдырдым»,-деген продюсер бейнежазбада.
Айта кетейік,даудың басы пәкітігін саудалаған Айнұр есімді студент қыздан басталған болатын. Әзілкеш бойжеткеннің жәй ғана рөл ойнағанын және мұның бәрін үйреткен ток-шоудың мамандары екенін айтқан болатын.