Синдбад ертегісіндегі алмаздар

Screenshot_22.jpg

Алмаз – лағыл тастардың арасында ерекше орын алатын бағалы тастардың бірі. Оның ғажайып көркі небір аңыздарға, ертегілерге арқау болғаны рас. Алайда адамдар да ертегілерді түбегейлі ойдан шығарып айта бермейді.  Мысалы  барлығымызға белгілі Синдбад ертегісінде ол саяхаттап жүріп, өте терең ерекше үңгірді кезіктіреді. Ол үңгірдің түбі байлықтың кені – яғни алмазға толы болады. Бірақ мұншама байлықты үңгірде жыланның ордасы күзетіп жатады. Ертегідегі тапқыр саяхатшылар үңгірдің түбіндегі алмазды алуды жолын табады. Олар етті бөлшектеп-бөлшектеп, үңгірдің түбіне тастайды. Көздің жауын алып жатқан алмаздар осы еттерге жабысып қалады да қырағы қырандар үңгірдің түбінен етпен қоса алмаздарды да алып шығып, ұяларына әкетеді. Батыл саяхатшылар қыранның ұясына келіп,  жыртқыш құстардан амалын тауып, алмаздарды  алады. 

Осы ертегідегі екі фактіні адамдар шынайы өмірде қолданған. Біріншіден алмаздар расында да майлы нәрселерге жабысып қалады екен. Екіншіден құстар адамдарға алмазды табуға көмектескен. Әлемде мынадай фактілер де кездеседі. Айталық  19 ғасырда Оңтүстік Африкада үй құстары таулы, қыратты аймақтарда тамақ іздеп, тастар мен үңгірлер арасындағы алмаздарды дән екен деп жұтып қоя берген. Мұны білген тұрғындар құстардың тамағынан бірталай  алмазды тауып, күтпеген байлыққа тап болған.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: