Өрмекшінің торына қарап ауа-райын болжауға болады

spider.jpg        

Өрмекшінің ауа-райын болжай алатын қасиетін адамдар 18 ғасырда біле бастады.  1794 жылы Наполеонның әскер қатарындағы генерал Пишегрю Голландияға қарсы әскер бастап, жолға шығады. Кенеттен ауа-райы бұзылып , жаңбыр құйып, арты селге ұласады. Ары қарай жол жүру мүмкін болмай қалғандықтан, әскербасы жорықты тоқтатуға мәжбүр болады.  Көп ұзамай оның құлағына  жаңбырдың соңы қарға ұласып, қатты аяз болып, өзендердің бетін мұз жабады  деген болжам жетеді. Артынша болжам шындыққа айналады. Біршама уақыттан кейін генерал тағы да  бір аптадан соң ауа-райы бұзылады деген хабар алады. Ол болжам да дәл келеді. Әскербасы   айтылған болжамдарға сүйене отырып, жауынгерлерін ертіп, мұз жапқан теңіз үстімен жау шебіне өткен екен. 

          Оған бұл болжамдарды Катремер деген офицер болатын. Кезінде генерал шеніне дейін жеткен Катремер абақтыдағы  жеті жылын   өрмекшілерді бақылаумен өткізген екен. Оның өрмекшілерді зерттеу барысында олардың іс-әрекеттері мен өрген торына қарап ауа-райын  болжауға болатындығын  анықтаған. 

       Оның зерттеуі бойынша өрмекші торын тоқымай, тоқтап қалса  жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.  Ал егер өрмекші өрмектің бір  шетін үзсе,  жел тұрады.  Тоқылған тор үлкен, аумақты болса және жаңа торды тоқуды бастаса, ауа-райы ашық, жылы болады. Өрмекші тордың дәл ортасында отырса, ауа-райы бұзылады деген сөз. Кешқұрым өрмекші торынан төмен қарай сырғыса, күн жылынады.  Торын тез, жылдам тоқи бастаса, бұл қатты аяздың белгісі. Егер жәндік бұрышқа тығылса, жаңбыр жауады.  Жаңбыр жауып тұрған кезде торын өрсе,  жауын көп ұзамай басылады.   тордың негізгі жіптерін қай бұрыштан үзсе, сол бағыттан қатты жел тұрады. Өрмекші  торына қарай өрмелесе, жаңбыр жаууы мүмкін. Өрмекші торлары қаптап, ұшса, жаз айы ыстық болады. Егер ол оңтүстік бағытқа қарай өрілсе, күн жылынады, керісінше солтүстікке қарай тоқылса, күн суытатындығын білдіреді. 

        Осылайша Катремер түрмеде отырып, өрмекшінің көмегімен француз әскерлеріне ауа-райын болжап, жеткізіп отырған. Жорықтан соң генерал Пишегрю оны түрмеден босатып алады.

        1870 жылдары оның ісін өмір бойы абақтыға жабылған Петр Поливанов жалғастырады. Бірде ол камерада отырып,  өрмекшінің пайда болғанын көріп, қатты қуанады. Оған күнде қамқорлық жасап, тамақтандырып,  әр ісін бақылауға кіріседі. Өрмекшіде одан қорықпай алақанына өрмелеп, арқасын сипатады. «Досы»  семіріп кетпес үшін ол тоқылған қалың торды анда-санда сетінетіп отырады. Содан өрмекші оны қайта тоқып шығады. Таңқаларлығы сол, әр тоқылған өрмек әр  түрлі өрнекке ие болған. Өрмекшімен дос болған Петр өзінің көптеген мемуарларын соған арнаған көрінеді.     


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: