Жыланды арбау өнері көне Мысыр елінде пайда болып, XX ғасырда қатты дамыды.Әсіресе Үндістанда елге келген туристерді қызықтыру мақсатында жыланды «билететін» мамандар көбейе бастады. Қазіргі таңда ең атақты әрі мықты жылан арбаушы ретінде Луксора тұрғыны Шейх Мусса танылған.
Бұл өнердің сиқыры неде? Шындығында кобра билемейді, себебі ол сырнайдың үнін мүлдем естімейді екен. Сондықтан ол тек сырнайдың қимылына ғана ілесіп, қайталап отырады. Кобраның билейтін тағы бір себебі қарсы алдында отырған адам сырнайды қатты тартқан кезде шыққан дыбыспен қатар, діріл пайда болады. Сол дірілді сезіне алатын кобра одан бойын аулақ ұстағысы келіп, өзгеше қимылдар жасайды екен. Бұл қимылдарды көпшілік әлі күнге дейін жыланның биі деп қабылдап келеді.
Айта кетерлігі бұл көрініс ешкімге, ешқандай қауіп төндірмейді. Өйткені кобраның тісіндегі уы алдын-ала алынып тасталынады.