Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандықтар кімдер?

magmens.com-rekordy-ginnesa-kotorye-legko-mozhno-pobit-01-950x535.jpg

Рекордтар кітабын шығару үрдісі әлемнің 50 мемлекетінде кездеседі. Дүниежүзіндегі ең танымал кітап, әрине Гиннес рекордтар кітабы. Мұнда әлемдегі ең елеулі жетістіктер мен рекордтар топтастырылған. Беделді басылымның беттерінен көріну тарихта өшпестей із қалдырумен бірдей. Атақты анықтамалыққа қазақ елінің де азаматтары енген. Айталық, Гиннес рекордтар кітабының беттеріне алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұлт қаһарманына айналған Тоқтар Әубәкіров жайлы ақпарат түсті. Сондай-ақ, Гиннес анықтамалығына әлемдегі ең үлкен карьер – «Богатырь» карьері, Екібастұз ГРЭС-нің мұржасы, Каспий теңізі, Арал теңізі де енгені белгілі.

Қазақстанның өзіндік рекордтар кітабы бар. Жуырда КИнЭС атты кітаптың 7 басылымы жарық көрді.  Қазақстанның ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығының  тұсау кесеріне Тоқтар Әубәкіровпен қатар  500 литрдей қан тапсырған донор, ең көп самаурын, түйме және қолтаңба коллекцияларын жинаған адамдар да келіп қатысты. Әлбетте олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталса да жарасады. Мәселен, оралдық Қарлығаш Нығметованы барлығы бұрыннан «магнит-әйел» деп атап кеткен. Бұған дуалау немесе өзге де сиқырлардың қатысы жоқ. Ол денесінде 3 үтік, гир, қасық және шанышқыны ұстап тұра алады.

Және бір  мықты номерлердің бірі - КИнЭС-тің рекордшысы Сәлім Мухаммед. Пәкістаннан көшіп келген ол темірді оп-оңай майыстыра алады. Бір қызығы мұны тіпті мойнымен де жасай алады. Мұнымен қоймай «темір-адам» қалың көпшіліктің алдында тісімен 30 килограммдық столды да көтере алады. Сонымен қатар дәл осы әдіспен столда отырған адаммен қоса тіспен көтере алатын қабілетін көрсетті. Сәлім тісіне шағым жасаған емес. Таңқаларлық нөмірлердің құпиясын ол  күнделікті жаттығудың арқасы деп түсіндірді. Цирк қызметкері осымен тоқтамай  алда талай рекордтардың болатынына сендірді. «Менің 3 жасар қызым бар, келесі нөміріме соны қатыстырсам деймін. 5  жасында Гиннестің рекордшысы болғанын қалаймын», - дейді Сәлімнің өзі.

Сәлімнен оның жары Әсел Андағұлова да қалысар емес. Қазақ  мемлекеттік циркінің әртісі де отандық рекордтар кітабының беттерінен орын ала білді.. Әсел бір мезетте 50 сақинаны айналдыра алады.  Ал Виктор Лихолат - рекордтар кітабына кіргендердің арасында қолтаңба коллекциясын жинаған жалғыз жан болды. Өмірінің он жылын әйгілі жұлдыздардың артынан қолтаңба жинаумен өткізген Виктор сондай-ақ коллециясын Екатерина 1, Николай 2, Юрии Гагарин, Сергей Королев, Георгии Жуков, Михаил Шолохов, Андрей Миронов, Джон Кеннеди секілді адамзат тарихындағы танымал тқлғалардың  қолтаңбалары мен суреттерін  жинапты. «Мен 10-20 жыл бойы іздеп жүрген қолтаңбаларымда бар.Мысалы СССР құлдыраған кезде мен Ташкентте болдым , сол жерде Өзбекстанға қатысы жоқ құжаттарды лақтырып жатқанда Николай мен Екатеринаны тауып алдым. Қашан және қанша ақша тұрса да сатып алуға дайын болдым»,  деп пікір бөлісті Виктор Лихолат.   

 Белгілі суретші Хашим Құрбан мыңдаған қуыршақтардың авторы. Жәй қуыршақ емес, асқабақтан жасалған фигуралар. Бұлтуындыларға деген алабөтен сұраныс бар. Хашим Құрбанның қуыршақтарын Бүгінде олардың көбісі Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия және Жапонияның мұражайларынан табасыз.  Бұл қайталанбас дүниелерді ол 22 жыл бұрын досы кез-келген заттан сыйлық жасап беруін өтінгенде бастады. Алғашқы жұмысы тапсырыс берушіге қатты ұнағалы соншалық ,оның кейінгі тапсырыстардан қолы босамады.

КИнЭС-тің 7-ші басылымының рекордшылдарының арасында ең жас 6 жасар штаттан тыс жол полициясының қызметкеріде бар.    Сондай-ақ, қатысушылардың қатарын Дудаевтар отбасы  толықтырды. Олар –медициналық қызметкерлерден тұратын әлемдегі  ең үлкен әулет. Соңғы бір ғасырдың өзінде Дудаевтардан 22 тіс емдеуші дәрігерлер шыққан екен. Ал Александр Скаковский атты рекордшы-азамат 35 жылдың ішінде  қан орталығына 786 рет барып,  500 литрдей қан тапсырған. 

Міне, КИнЭС кітабының қаһармандары осындай. Қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабының бас редакторы, профессор   Куаныш Тазабеков басылымның 1775 адам таңданарлық факті мен 1263 фотосуреттен тұратынын айтады. 

«Алғашқы энциклопедиялық анықтаманың тарихы осыдан  10 жыл бұрын басталған. Алғашқы саны небәрі  90 бетті құраған. Қазіргі кітабымыз өте қалың, 13 тараудан тұрады. КИнЭС-тің өзге анықтамалардан басты артықшылығы: келтірілген фактілердің  барлығы бірінші сортты және қайталанбас ақпараттар. Мұнда ұзақ-сонар баяндау, энциклопедиялық анықтама жазу жоқ. Мәліметті қысқаша әрі қызықты түрде беруге тырысамыз», - дейді Қ.Тазабеков.   1000 дана таралыммен шыққан кітапқа деген сұраныс қазірдің өзінде көп.

Screenshot_19.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: