Шымкент қаласында жастар бас қосып зианды заттардан бас тартты

Oinet.kz 09-10-2023 117

Шымкент қаласында жастарға деген сенім артып келеді. «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының директоры Айдос Әмірханның айтуынша, Жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Мен сенемін жастарға» атты тақырыбында ұйымдастырылған семинардың мақсаты ұлттық құндылыққа негізделген. Яғни семинарда жастар бойындағы патриоттық сезімді арттырып, жаман әдеттерден арылуға үндеу.

Screenshot_96.jpg

- Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс. Жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп қабырғасынан біле бастауы қажет. Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан сақтандыру керек», - дей келіп Мемлект басшысы «жеңіл жолмен пайда табу жақсылыққа апармайтынын үнемі түсіндіріп отырған жөн. Адал табыс адал еңбекпен келеді» деп жастарды еңбек сүйгіштікке үндеген болатын. Біздің де семинарды ұйымдастырудағы басты міндетіміз осы, - дейді ол. 

Зиянды әдеттердің салдарын насихаттайтын семинарға «Alem» мектебінің директоры, педагог-психолог Алтынбек Срайылұлы да қала жастарымен бірге қатысып, өз ойын жеткізді. 

- Кешегі тарихта өткен батырлар мен қоғам қайраткерлерінің мақсаты жалғыз ғана болды. Өз шекарамызды тектеп, көгінде қыран самғаған елді сақтап қалу ғана болды. Бүгінде марқайа мақтан тұтатын ата-бабамыздың артында бейбіт елде бейқам өмір сүрудеміз. Ендігі мақсат – кешегі Мағжан Жұмабаев сенген жастарда. Ол үшін қоғамдағы зиянды дүниелермен күресіп,  ел болашағын жарқын етуіміз қажет, - деді Алтынбек Срайлұлы.

Семинар барысында қоғамдағы түрлі заттар мен оның адам өміріне әкелер кері әсерлері жөнінде сөз етілді. Жиында Америкадан арнайы алып келген құрылғының көмегімен спирттік сусындар мен шылымның адам ағзасына қаншалықты зиян екені көрсетілді.

Жиын соңында жастарға тақырып аясында арнайы әзірленген видеоролик көрсетілді.

Шымкент қаласында 20 инвестициялық жоба іске асырылады
Шымкент қаласында 170 адам баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу