Шымкент қаласында ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Oinet.kz 11-10-2023 139

Шымкент қаласында қарттар үшін жасалып жатқан қамқорлық көп. Олардың бір мезгіл демалуы мен қатар спортпен айналысуы үшін түрлі жарыстар ұйымдастырылып отырады. «Қорған-М» қоғамдық бірлестігінің менеджері Диляра Қырғызбаеваның айтуынша, олар ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып түрлі іс-шараларды қала аумағындағы аудандарда жиі ұйымдастырып келеді екен.  

Screenshot_91.jpg

Жақында олар Қаратау ауданы әкімі аппараты және аудандық ардагерлер кеңесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тассай» тұрғын алабында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» келуші  аудан ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өткізді. Аталған орталықта алғаш рет аудандық әкімдіктің бастауымен өткен сайысқа «Мәртөбе, Тассай, Мирас, Таскен, Сайрам және Бозарық елдімекендерінен 30 ардагер қатысты.

Жарыс барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Жалпы қатысушы ардагерлердің бұл ойынға бірінші рет келуі емес. Осыған дейін де көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып жүрген жандар.

Орталықтың спорт бөлімінің жетекшісі сайысқа әділ төрелік етіп, нәтижесінде зейнеткер Бекзат Қаратаев дойбыдан жеңімпаз атанса, зейнеткер Хавазмат Исаметов шахматтан бас жүлдені иеленді. Ал, қос спорт түрінен жүлделі ІІ, ІІІ орындарды зейнеткерлер Д.Қаржаубаев, Ш.Төлендиев, Б.Турапов, А.Жұманов иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға  бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар және арнайы кубок табысталды.

Аудан әкімінің бастамасымен өткен бұл жоба зейнетте жүрген барлық аудан ардагерлеріне деген құрмет деп ойлаймын. Осы орталықта 150-ден астам құрметті зейнеттегі барлық азаматтар үнемі келіп, денсаулығымызды қадағалап және спортпен, түрлі интеллектуалды ойындармен шүғылданамыз. Сондай-ақ, замандастарымызбен елдің ахуалы жөнінде ой-пікірлерімізбен бөлісеміз. Жалпы орталықтың шалғай тұрғын алапта да ашылуы көңілімізді қуантты. Ал, бүгінгідей аудан әкімінің ардагерлерге арналған жобасы біздің жаңа қырларымыздың ашылуына үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Себебі мен бүгін екі спорт түрінен де жүлделі орынды иеленіп отырмын. Бұл әсіресе немерелерім үшін үлкен қуаныш болатын болды. Сөз соңында барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін, - деді орталыққа келуші зейнеткер, аудан тұрғыны Ш.Төлендиев.

Шымкент қаласында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды
Шымкент қаласында ашық есік күні ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу