МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Қала әкімдігі инвесторларға индустриалды аймақтарда машина құрастыру саласы бойынша жобаларды бірлесіп қолға алуға шақырып отыр. Осындай өндіріс алаңында жүк көліктерінің бөлшектерін, вагондар, рефрижираторлар, энергетикалық қондырғылар, автоматтандырылған метал өңдеуші желілер, металлургия ұнтағы мен 3D баспасы негізінде метал бұйымдарды шығармақшы. Бүгінде мегаполистің машинақұрыстыру өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін 3.5 млрд доллар инвестиция қажет.
Химия өнеркәсібінде де біраз ірі жобалар іске асырылатын болады. Мәселен келешекте органикалық минералды химиялық заттар және тұрмыстық химия бұйымдарын шығаратын зауыттар тұрғызылады. Осылайша республиканың ұшінші қаласында сыртқы және ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие дайын химия өнімдері өндірілмек.
Тұрғын үй құрылысы да қала экономикасының маңызды бөлшегі саналады. Осы күнде шаһарда көпқабатты үйлер салу тиісті инженерлік инфрақұрылым жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен былтыр 1 млн шаршы метр тұрғын пайдалануға берілсе, 2024 жылдан бастап жылына 3 млн шаршы метр үй тұрғызу көзделіп отыр. Қала кеңейіп келеді, жаңа шағынаудандар бірінен кейін бірі пайда болуда. Сондықтан құрылыс индустриясын инвесторлар үшін таптырмас мүмкіндік деуге болады. Құрылыс нысанын салуда немесе құрылыс материалын өндіруде кәсіпкер өзіне жақсы пайда таба алады.
Инвестиция өздігінен келмейтіні белгілі. Кәсіпкердің жобаның тиімділігіне көзі нақты жетпесе, қалтасынан ақша шығармайтыны анық. Осы орайда қалалық әкімдік өңірге инвестиция тарту мақсатында көп іс тындырып отыр. Соның ішінде «SHYMKENT INVESTMENT - 2023» өңіраралық инвестициялық форумын атауға болады. Оның басты ерекшелігі тек шаһармен шектелмей, еліміздің оңтүстік аймағындағы Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан да делегаттар арнайы келіп қатысты.
«Үш облыс пен мегаполис кәсіпкерлерін бір ортаға жинап, оған қоса атқарушы орган өкілдерін шақырып, ауқымды инвестициялық жобаларды талқыладық. Мұнда Шымкенттің ғана емес, тұтас оңтүстік аймақтың мүмкіндіктерін шетелдік, отандық инвесторларға кеңінен таныстыру көзделді. Мемлекет және жергілікті әкімдіктер тарапынан көрсетілетін қолдаулар да осы форум аясында айтылды» деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.