МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды платформасымен бірқатар стратегиялық бағыттар, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту бағыты айқындалды.
Шымкент қаласында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 4,6 млрд. теңге, стационарлық көмек үшін 4 млрд. теңгеге жуық дәрі-дәрмек сатып алынды.
Сондай-ақ, дәрігерлерге орташа жалақыны 30%-ға, орта медицина қызметкерлеріне 20%-ға арттыру жалғасады.
Сонымен қатар, биылғы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 мың 200-ге жуық дәрігерді, оның ішінде 100-ге жуығын шетелде, сондай-ақ 2 мың 650-ге жуық орта медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2,5 мыңға жуық дәрігерді, оның ішінде шетелде 43-ке жуық адамды, сондай-ақ 9 мыңнан астам мейіргерді оқыту жоспарда бар.
Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі еліміздің халқын үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады.
Сақтандырылмаған азаматтарды қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өткен кезеңдегі қарыздың күшін жоя отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 12 ай бұрын жарналарды төлеу арқылы кірудің баламалы тәсілін енгізу бойынша толықтырулар енгізілді.
Жалпы жоспар бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынып, 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.
Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қалада фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де қолға алынды. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді