МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі №1 қалалық емхананың жұмысымен танысты, ол 45 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда Тимур Сұлтанғазиев аурулардың профилактикасы, скринингтік зерттеулер жүргізудің тиімділігін арттыру, пациенттерді уақтылы диспансерлеуді жүргізу және ауруларды басқару бағдарламасын орындау бөлігінде жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті..
Оңтүстік мегаполистің медициналық ұжымдарымен кездесулерді қорытындылай келе Т. Сұлтанғазиев онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау бойынша жұмысты күшейтуді, МСАК-тың озық тәжірибелерін кеңінен енгізуді, әкімдікпен бірлесіп медициналық мекемелерді кадрлық қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды, ұйымдар менеджментінің тиімділігін арттыру керек деді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына баруды бірінші вице-министр оқу орнымен танысудан және ОҚМА мұражайына барудан бастады. Бұл мұражай 1979 жылы Академия құрылғаннан бергі тарихи деректер мен естеліктерді жинайды және сақтайды. Сонымен қатар, ол медицинаның негізі болып табылатын анатомия дәрісхана мұражайына барып, заманауи муляждармен танысты. Бірінші вице-министр академияның тест орталығында болып, қорытынды емтихандар жүйесінің әдістемелік және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты, содан кейін мұражайдың «тілектер кітабына» өз қолын қалдырды.
Бүгін жұмыс сапары бағдарламасы шеңберінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында халықпен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау және жергілікті өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өткізді.
Қала жұртшылығымен кездесуде Т. Сұлтанғазиев медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін күшейтуге, пациенттердің құқықтарын қорғауға, қоғамдағы дәрігерлер мәртебесін нығайтуға бағытталған күтілетін заңнамалық жаңалықтар туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ ведомствоның амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, кадр саясаты, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді, оның шеңберінде 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Осы бағдарламаның қолданылуына байланысты 2022 жылы Шымкентте 413 квота бөлініп, 214 әйел жүкті болды, 90 отбасы бала сүю бақытына ие болды.