Отбасы бақыты - қоғам бақыты!
Дүбірге толы дүниеде отбасы бақытынан асқан сый жоқ. Сол бақытты ұстап тұру әрбір жанұя мүшелерінің парызы. тіпті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында отбасыда зорлық-зомбылықтың болмауына баса назар аудару керектігін атап өткен болатын. «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет" деген Мемлекет басшысы жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осыған байланысты Түркістанда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы семинар өткізді. Түркістан қаласындағы Әлеуметік қызмет көрсету орталығы биыл ашылды. содан бері ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Оның ішінде отбасыдағы зорлық-зомбылықты болдырмау басты назарда. Бүгінгі Отбасы бақыты семинары шаңырақтағы татулықты насихаттауға бағытталған.
Ынтымақтың ұйытқысы әр үйдің тапқан табысына да байланысты болып отырғаны ақиқат. Бұл мекеме әлеуеті әлжуаз жанұяларға қаржылай да қолдау көрсетеді. Бүгінге дейін әлеуетті әлжуаз 120 отбасыдан қайтарымсыз грант алуға өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60-ы бойынша нақты сүйемелдеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі 1-топ мүгедегі Дастан Искаков. Ол үкіметтен 1 миллион 200 мың теңге көлемінде грант алып мекемелерді тазалаумен айналысатын жуу орталығын ашқан.
Алқалы жиында елге сыйлы беделді ақсақалдар да өз пікірлерін ортаға салды. Табыс қуып бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмау керектігі айтылды. Сонымен қатар ішімдік атаулыға тыйым салынса деген ойларын жеткізді. Себебі отбасыда болатын кикілжіңдер негізінен ішімдікке салынғандар тарапынан орын алуда,-дейді семинарға қатысқандар.