Жайылым жерлер қайтарылуда
Түркістан облысында шаруалар иелігіндегі жайылым жерді өз еркімен қайтарып жатыр. Соңғы 2 айдың өзінде 325 мың гектар мемлекет меншігіне өтіпті. Тағы 600 мың гектардан аса жер қайтарылуы қажет. Жер аманаты партиялық бағдарламасын іске қосқан аманаттықтар осылай дейді.
Жолдас Сатыбалдиев Сауран ауданы Жаңа Иқанға қарасты Ибата ауылының тұрғыны. 81 жастағы қария Түркістан қаласы, Сауран ауданының құрметті азаматтығын алған. «Жер аманаты» бағдарламасын естіген бетте кеңес үкіметі кезінде алған 143 гектар жерін мемлекетке өз еркімен тапсырған. Малым жанымның садақасы деген ақсақал жерлестеріме де шаруашылықпен айналысуға мүмкіндік беру керек дейді.
«Колхоз бөлініп кеткенде бүтін жерді ауылдастарға бөліп берген еді. Президенттік жайылым жерді көбейту керек дегенін қолдай отырып, өз еркіммен жерде қайтардым.Оның үстінен қазіргі таңда малым да жоқ. Жайылым жерді ірі қарасы барлар пайдалансын дұрысы»,- дейді Жолдас Сатыбалдиев.
«Жер аманаты» жобасы Түркістан облысында 23 маусымнан бері іске асырылуда. Биылғы жылы аймақта 1 млн 12мың гектар жайылым жерді жергілікті тұрғындарға ортақ жайылым ретінде қайтару көзделген. Халық игілігіне жерді ортақтастыру үшін «Аманат» партиясы аудан қалаларды аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Биылдан бастап халықтан көп арыз-шағым түскеннен кейін «Жер аманаты» дейтін бағдарламаға комиссия құруды бастап кеттік. Оның алғашқы отырысын алдыңғы айда парламент отырысының мәжіліс депутттары келіп арнайы өткізген болатын. Үлкен апарратта да айтылды. Соған қарай коммисияны өз тарапымыздан құрып, жергілікті жерлерде жұмыс жүргізіліп жатырмыз»,- дейді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев.
Кез-келген шаруаның жері мемлекетке өтпейді. Ол үшін әр сала өкілінен комиссия мүшесі жасақталып, халыққа ескертіледі. Тексеру жұмыстарына жер инспекциясы, облыстық прокуратураның орынбасарлары мен фермерлер қатысады. Олардың қатарында депутаттар мен партияның белсенді мүшелері де бар. Ал жерді арнайы критерийлерге жататындар ғана беруі керек.
«Бірінші кезек ол бөлінген жайылым жер көлемі мен қазіргі қолда мал бір-бірімен сәйкес келеді ме?Себебі әр малдың жайылым аумағының стандарттары бекітілген. Мәселен бір мал қанша гектар аумаққа жайылады дегендей. Екінші кезекте жайылым жерлерді кімдер алды кезінде қандай азаматтар алды. Және ол алған азаматтар бүгінде өз мақсатына тиімді пайдаланып отыр ма деген сұрақтарға жауап іздейміз»,- дейді партияның облыстағы атқарушы хатшысы.
Айта кетерлігі, Түркістан облысында жер қоры 11 миллион гектарды құрайды. 2 миллионнан аса халқы бар өңірдің 80 пайызы ауылдық жерде тұратынын ескерсек бұл көрсеткіш аздық етеді.