Әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды

Oinet.kz 27-08-2022 382

Screenshot_51.png

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды кірігуіне және халықтың осы санаты басқалармен теңдей өмір сүріп, жұмыс істеп, білім алуы, қоғам өміріне еркін қатысуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы және т. б. үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталған.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдауды; әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруды; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Президеннт  тұрақты негізде мүгедектігі бар адамдарды, балаларды, әлеуметтік жағдайы төмен жандарды әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдап келеді. Әсіресе республика мұндай жандарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсететін нысандардың қатары артып келеді. Түркістан облысында да мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың құрылыстары жүргізілуде. 

Мамандардың мәліметінше Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына 7 әлеуметтік нысандардың, о.і. сыйымдылығы 200 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған 1 оңалту орталығын және сыйымдылығы 50 орындық қарттармен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларға арналған  6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың құрылысын салу енгізілген. 

«Түркістан облысы, Кентау қаласында 200 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы» инвестициялық жобаның жалпы құны 2 916 116 мың теңгені (ЖІЖ-сыз) құрайды оның ішінде республикалық бюджет міндеттемелері 2 624 504 мың теңгені немесе 90% құрайды, 10% жергілікті бюджеттен қаржыландыру көзделген.

Былтырғы жылы республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 200 орындық оңалту орталығының құрылысына 50 000,0 мың теңге бөлінген болатын. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған «Шымкент Құрылыс» ЖШС-мен 28.09.2021 жылы №395 «Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» шарты түзілді.

 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен жоғарыда аталған инвестициялық жобаның құрылысына РБ-тен ағымдағы жылы – 2 256 653,0 мың теңге, ОБ-тен 256 295,0 мың теңге қаралды.

Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2023 жылы ғимаратты пайдалануға беру  жоспарлануда. 

Сонымен қатар, сыймдылығы шағын 6 әлеуметтік нысандардың құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 6 әлеуметтік нысанның мемлекеттік сараптамасы алынды.

Аталған нысандар бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік қалыптастыру барысында бюджеттік өтінім енгізілді, алайда қолдау таппады.

Алдағы уақытта 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік нақтылауына қайта ұсыну жоспарлануда.


Қос өңірдің аналары пікір алмасты
Әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу