Онкүндікте атқарылған жұмыстар таныстырылды
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шараларын ашып, осы іс-шараларды өткізудің мақсатын жергілікті халыққа түсіндіріп, белсенділік танытуға шақырды.
Ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов онкүндік іс-шаралардың жоспарына енгізілетін мәселелерді аудандық мәслихат депутаттары, ауыл белсенділері мен тұрғындарымен пысықтаған жеткізіп, әр іс-шараны жеке-жеке таныстырып өтті.
А.Сайтмуратов өз сөзінде: «Алдағы уақытта онкүндіктің жоспарына енгізілген 24 іс-шара бойынша тұрғындардың қолдауымен және демеушілердің көмегімен жұмыстар атқарылатын болады. Аталған жоспарға тұрғындар тарапынан қосымша ұсыныстарды талқылап, қосуға болады. Онкүндікте негізгі атқарылатын жұмыстар ауылдың тазалығын сақтауға және абаттандыруға арналған», - деді.
Атап айтқанда, демеушілер есебінен атқарылатын жұмыстар:
- ауылдық округінің аумағындағы трансформаторларды қоршау және электр жарықтарын ретке келтіру,
- көше атаулары жазылған тақтайшаларды сырлау, жаңарту, көше аншлагтарын орнату және үйді нөмірлеу,
- кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін ретке келтіру,
- Айнабұлақ көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір орнату,
- жеке кәсіпкер тарапынан құрылып жатқан жекеменшік мектептерге баратын жолдарды орта жөндеуден өткізу,
- Алматы тас жолы бойына жоғары кернеулі электр желілерін тарту,
- Манкент елді мекен атауы белгісін жөндеу жұмыстары,
- мәдениет үйінің кіреберіс жеріне мүгедектігі бар азаматтар үшін пандус орнату,
- ауыл аумағындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық көмек көрсету,
- мүгедектігі бар балаларды Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағына саяхат ұйымдастыру,
- ауыл тұрғындары арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру,
- Манкент ауылының орталығына қоғамдық дәретхана салу.
Мекемелер және жергілікті тұрғындардың қатысуларымен жоспарланған жұмыстар:
- ауылдық округіндегі көшелер және мекемелер аумағында сенбілік ұйымдастыру, бағаналарды әктеу, сырлау және жол бойындағы шөптерді ору жұмыстары, зиярат (мазарат) орындарын тазалау және абаттандыру;
- жол бойындағы ретсіз сауда орындарын жою мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
- Жаңақұрылыс аумағындағы жолдарға тас төсеу,
- жеке кәсіпкер тарапынан құрылып жатқан жекеменшік мектептерге баратын жолдарды орта жөндеу жұмыстарын жүргізу,
- ауыл аумағындағы 2020-2021 жылдары орта жөндеуден өткен ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстары,
- жаяу жүргіншілерге арналған сызықтар және тозығы жеткен жол кедергілерін қайта қалпына келтіру,
- облыстық маңызы бар Алматы және Аққала-Сарқырама жолдары бойына жол белгілерін орнату,
- ауыл округі аумағындағы ауыз су құдықшаларын және ауыз құбырларын ретке келтіру,
- ішкі арықтарды механикалық тазалаудан өткізу,
- О.Құрбаналиев және Айнабұлақ көшелеріндегі жоғары кернеулі электр сымдарына қосымша бағаналар орналастыру,
- Алматы тас жолы бойына жоғары кернеулі электр желілерін тарту жұмыстары.
Келесі кезекте аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев бөлімдер тарапынан атқарылатын негізгі іс-шараларға тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімі ауылдық округінің әкімі және тиісті сала басшыларына онкүндік іс-шаралар кезінде ауылды толықтай зерделеп, тұрғындармен жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелер бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Айта кетейік, «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.
Жалпы, еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілері тым тозған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.
2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылатын болады. Екіншіден, әрбір жоба және елді мекен бойынша көзделген мақсатқа жету жөніндегі, өңірлік стандарттарға сай келетін Жол картасын жасау қолға алынды. Үшінші кезекте, Жобаларды іске асыру және бақылау мүдделі мемлекеттік органдарды және «Аманат» партиясын тарта отырып жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отырады.