Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген ауыл
Биыл «Ауыл-Ел Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Балықты ауылының орталығындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 100 пайызға жетіп, көп жылдан бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі де толығымен шешімін таппақ.
Округ орталығындағы асфальт жабындысы төселмеген көшелерге толық асфальт төселіп, ауыз су тапшылығы орын алып отырған екі жүзден астам абонентке таза ауыз беріледі.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт Балықты ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, биылғы жылы жергілікті тұрғындар тарапынан өткен есептік кездесуде көтерілген келесі мәселелер толық шешімін табатын болады.
Атап айтсақ: Көкбұлақ ауылы, Далбай ата, Б.Момышұлы, К.Байсейтова көшелерін жарықтандыру; Балықты ауылы, С.Нұртаев көшесіне аяқ жол салу; Ұрбұлақ ауылы, Балықты өзенінің мен "Кең" каналының тоғысқан тұсына көпір салу; Ерубаев көшесін (жалғасын қамтитын №1,2,3,4,5,6,7,8) орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Айта кетейік, еліміздегі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Жаңа жоба шеңберінде жастар жұмылып жұмыс істеп, ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға ат салыса алады. Ауыл тұрғындарының материалдық әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлердің де үлесі зор болмақ.
Осындай мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр: ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; әлеуметтік аймақтарға білімді мамандар жіберу; ауылдағы жас кәсіпкерлерді қолдау.
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы 2020-2025 жылдары аймақтарды дамытуға бағытталған. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауылдарды үлкейту үшін бірнеше бағыт қарастырылған.
Бірінші бағыт – функционалды қалаларды модернизациялау. Оған 4 ірі қала – Алматы, Нұр—сұлтан, Шымкент, Ақтөбе кіреді. Сонымен қатар 13 облыс орталығы және Семей қаласы да бар.
Екінші бағыт – шағын және ірі қалаларды дамыту. Бұл бағыт бойынша инженер-коммуникация инфрақұрылымына қатысты шағын және орта бизесті дамыту. Демек, ірі қалаларда басты капиталға құятын инвестиция кқлемін арттыру.
Үшінші бағыт – ауылдық елдімекендерді дамыту, оның ішінде орталық ауылдардың инфрқұрылымын, тұрмыс салтын жақсарту. Бұл бағыт бойынша ауылдық елдімекендерге қойылатын талаптар нақтыланады, арнайы әдістеме жасалады.
Есептік кездесу барысында дәстүрге сай Нұрлан Мархабатұлы қысқаша аудан және округ бойынша атқарылған жұмыстар мен және алдағы жоспарларды қамтып, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарына құлақ асты. Тұрғындар тарапынан ауыз су және балалар ойын алаңшасын соғуға қатысты өтініштер айтылып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптарын алды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл және аудан әкімдігінінің қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Аудан басшысы да жиынды пайдалана отырып округ тұрғындары мен жомарт жанды азаматтарға округ аумағында атқарып жатқан игі істері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, биылғы жылы Балықты ауылдық округінде екі кіші футбол алаңшасы мен Шарафкент ауылының кіре-беріс екі жақтағы қақпасына ауыл тумаларының демеушілігімен елді мекен атауы жазылған стеллалар орнатылып, ауыл көркін ашып отыр.