​Жетісайлық қарбыздар Ресейге жөнелтілуде

Oinet.kz 20-05-2021 832

Мемлекет басшсы ел халқына жолдаған жолдауында ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлген болатын. Бүгінде ауыл диқандары мемлекет тарапынан үлкен қолдауларға ие болып, өнімдерді шет елдерге экспорттауда. Қауын – қарбыз, бен қызанақтың сақтауға тиімді сорттарын өсіріп, ерте көктемнен-ақ, саудаға шығарып жатыр.

image.png

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан «Қоғалы» ауылының диқаны Леонид Шин өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған. Пленка астындағы ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтуде.

- Наурыз айының басында 55 күнде пісетін «Виктория» атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде өнім далада қалмаса екен деп аздап уайымдадым. Сәтін салып, барлығы ойдағыдай болды. Сатылым бағасы да көңілімнен шықты, - дейді шаруа.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Ауданы бойынша қазіргі таңда 50 гектар аумақта қарбыз бен 15 гектар егістікте қауын пісуге жақын.

Тамақ өнеркәсібі бойынша 3 жоба жүзеге асырылады
Хорватиялықтардың туризмді дамыту тәжірибесі Түркістанда жүзеге асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу