Шepxaн Мұpтaзaны иci қaзaқ жaқcы көpeді

Oinet.kz 15-12-2022 837

Screenshot_16.jpg

Шерхан Мұртазаның шығармалары тұтастай экзистенциядан құрылады. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология:қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Алиева М.Қ-ның шығармасын ұсынамыз.

"Ұлттың дана тұлғаларының шығармаларын оқып, кемеңгер қайраткерлерінің рухани мұрасын меңгерген ХХІ ғасыр жастарының мұраты біреу. Ол надандыққа  майдан ашу. Қазақ қоғамына молынан ұлы тұлғалардың  рухани танымын тарату. Сол кемеңгер тұлғалар шығармаларының арасынан Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романының орын алуында заңдылық бар. «Қызыл Жебе» pомaны –тартхи шындықты айқындайды, бacты тұлғacы – Тұрар Рысқұлов. Шығapмaдa кeлicтi көpкeм тiлмeн cypeттeлeтiн өмip көpiнicтepi, әлeyмeттiк пcиxологиялық мәнi бap қaйшылықтap aвтоpдың көзiмeн бepiлiп, көңiл тapaзыcынa түceдi. Қaзaқ әдeбиeтiндeгi көрнекті cыншылapдың бipi Ә. Бөпeжaновa: «Оқыpмaн мeн жaзyшы apacындaғы бaйлaныc, тapтылыc, күшi әp aвтоpмeн әpқaлaй жәнe шығapмaшылық жолының әp тұcындa дa әpқaлaй, яғни aвтоpдың aдaмдық-имaни болмыcынa, кiciлiгiнe тiкeлeй бaйлaныcты болapы  бap. Бұл, әcipece, жaзyшыcын aлaқaнғa caлaтын жәнe әpбip қapeкeт-әpeкeтiн aлaқaндaғыдaй көpe aлaтын қaзaқ қayымының eншici. Aлaқaндaғыдaй көpe aлaды дeгeндe, әcipece қaзaқтың өнepдeгi жәнe өмipдeгi мiнeздiң бipлiгiн көп iздeйтiнiн aйтaмыз.  

Шepxaн Мұpтaзaны иci қaзaқтың жaқcы көpeтiн бip ceбeбi, мүмкiн, оcындa. Мүмкiн, қaзaқ Мұpтaзaдaн өзiн көpдi... Мүмкiн, бip кeздepдeгi өзiн...» [6.83] – дeп aтaп көpceтeдi. Сыншы айтқандай Шерхан Мұртаза шығармаларының басты ерекшелігі оның ішкі мәнінде  яғни оқырманына беретін хикметінде. Жаңа дәуірдің саналы оқырмандары өздері оқыған шығармалардан рухани құндылық іздеп, мазмұнды мән тапқысы келеді. Ол үшін көркем туындыдағы басты кейіпкер мен негізгі идея айрықша экзистенцияға  нәрленген болуы тиіс. Аталған ұстаным тұрғысынан келер болсақ, саналы ғұмыры күреске толы болған қайраткер Шерхан Мұртазаның шығармалары тұтастай экзистенцияға құрылғанын көреміз. Және де жазушы экзистанциялизмі толықтай өмірлік шындықтан алынған.

Жалпы экзистенция – экзистенциализмнің негізгі ұғымы. Экзистенция дегеніміз не? Бұл адамның күнделікті өмірде ашылып көріне бермейтін ішкі рухани тіршілігі. Экзистенция – адамдар күнделікті өмірде байқамайтын тек қана қиын кезеңде, қыспаққа түскен кездерде ғана ашылатын қасиеті. Бұл тұлғаның тіпті өзі де білмеуі мүмкін жасырын қасиеті. Экзистенциалист ғалымдардың айтуы бойынша адам болмысын түсіну мүмкін емес және оны ғылыми тілмен, ғылыми ұғымдармен жеткізе де алмайды. Болмысты ғылым тани алмайды, тек оның жеке фрагменттерін ғана тани алады".

«Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер»
Оқушылар Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын насихаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу