Заңсыз әрекетке көз жұмуға болмайды

Oinet.kz 12-08-2026

Screenshot_21.jpg

Шымкент қаласында қазіргі таңда заңсыздықтармен күрес күшейіп келеді. Шымкентті қауіпсіз қалаға айналдыру аса маңызды. Және де заңсыз іс-әрекеттерге тосқауыл қоюдың өзектілігі же жоғары. Себебі олар адам денсаулығына, қаланың экономикасына орасан зор шығын келтіреді. Осы орайда «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіруге арналған жасырын зертхананы анықтады. Бұл зертхана еліміздің экономикасына нұқсан келтіргенін айта кету керек. 

Жедел іздестіру шаралары барысында тұрғын үйлердің бірінен арнайы жабдықталған бөлме табылған. Бөлме есірткі өсімдіктерін өсіруге бейімделіп, қажетті техникалық құрылғылармен жарақтандырылған. Атап айтқанда, онда арнайы жарықтандыру шамдары, желдету және ауаны тазарту жүйелері орнатылған.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 26 түп есірткі құрамдас өсімдікті және құрамында кептірілген өсімдік тектес зат бар 19 сіріңке қорабын тәркіледі. Сонымен қатар бөлмеден екі тапанша мен оқ-дәрілер анықталған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті азамат ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.

«Қарасора-2026» іс-шарасы – есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесуге, оларды өсіру, сақтау және тарату фактілерін анықтауға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Мұндай шаралар есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтіп қана қоймай, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді.

Есірткінің заңсыз айналымы – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзекті мәселе. Сондықтан оның алдын алу мен жолын кесу құқық қорғау органдары жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Полиция есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру, есірткі заттарын сақтау, дайындау немесе өткізуге қатысты әрбір фактіге заң шеңберінде құқықтық баға берілетінін ескертеді. Заң талаптарын бұзған тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Заңсыз әрекеттің қай түріне де көз жұмуға болмайды. Қоғамдық қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет. «Заң мен тәртіп» қағидаты орныққан қоғамда құқық бұзушылыққа орын жоқ.

Той кортежіндегі тәртіпсіздікке тосқауыл қойылды
Әлеуметтік желі – жауапкершіліктен тыс кеңістік емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу