Азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды

Oinet.kz 08-08-2026

Screenshot_16.jpg

Мемлекетімізде құқықтық реформалар мен «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылықты қатаң сақтауына ерекше назар аударылуда. Ішкі істер органдарының негізгі міндеті – тек қылмыспен күресу емес, сонымен бірге азаматтардың конституциялық құқықтары мен ар-намысын тиісті деңгейде қорғау. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Саптағы заңдылық» іс-шарасы аясында жедел құрылым қызметкерлерінің қатысуымен маңызды жедел кеңес өтті. 

Арнайы жиын азаптау, күш көрсету және басқа да заңсыз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қызметтік әдебі мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне арналды. Себебі қазір әлеуметтік желілерде психологияны бұзатын түрлі видеолар тарап, оны көрген жас өскіндер соны қайталағысы келеді. Бұны болдырмау аса маңызды. Алқалы іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А. Бейсенбаев пен Шымкент қаласы прокуратурасының өкілдері қатысып, жедел құрам қызметкерлеріне заң талаптарын нақты түсіндірді.

Кездесу барысында азаматтарды ұстау, жауап алу және тергеу амалдарын жүргізу кезінде заңсыз қысым көрсетуге, қорқытуға немесе азаптауға мүлдем жол берілмейтіндігі баса айтылды. Құқық қорғау өкілдері кез келген заң бұзушылықтың арты қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мұндай әрекеттер полиция қатарында ешқашан кешірілмейтінін ескертті. Сондай-ақ кеңесте әрбір азаматтың құқығын, бостандығы мен ар-намысын құрметтеу – әрбір полиция қызметкерінің қасиетті борышы екендігі ерекше атап өтілді. Жедел құрылым өкілдеріне қызметтік міндеттерді орындау кезінде тек заң шеңберінде әрекет ету және заңдылық қағидаттарын бұлжытпай доғару жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Прокуратура өкілдері мен департамент басшылығының мұндай бірлескен шаралары құқық қорғау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. «Саптағы заңдылық» іс-шарасы — бұл жай ғана түсіндірме жұмысы емес, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруға бағытталған жүйелі қадам. Әрбір полиция қызметкері заң үстемдігін қамтамасыз етуде үлгі болуы тиіс, себебі «Заң мен тәртіп» үстемдік құрған қоғамда ғана әділеттілік пен қауіпсіздік салтанат құрады.

Полицейлер бейнебақылау жүйесін ретке келтірді
Еліктіргіш есірткіден аулақ болуға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу