Н.Тұрашбеков: Көрсетілетін қызмет талапқа сай болуы қажет

Oinet.kz 14-08-2024 38

64.jpg 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды.  Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды.

Қала әкімі сектор басшыларына қоқыс тасымалының төлемі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті.

Ал, жеке кәсіпкерлерге қоқысты бекітілген кестеден кешіктірмей, тиянақтап алуды тапсырды.

- Әрине, еңбектің ақысы төленуі керек. Алайда, көрсетілетін қызмет те талапқа сай болуы қажет. Өздеріңізге бекітілген көшелерден белгіленген уақытта қоқыс алынбаған жағдайда біз де заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдайтынымызды назарларыңызға саламын, - дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тазалық мекемелерін өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жеке кәсіпкерлер төлемақы қарызы жиналған азаматтарға ескерту хат жолданғанын, әр үйге тіркелген азаматтарды түгендеу жұмыстары басталғанын баяндады.

Полиция басқармасы 5-12 тамыз аралығында қалада ортақ пайдалану орындарын ластаудың - 165, абаттандыру қағидаларын бұзудың 14 фактісін тіркеген. Жол жабысындысын бұзған 3 жүк көлігі анықталған.

Мәжіліс соңында қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, кемшіліктерді жою үшін сала жауаптыларына нақты міндеттер жүктеді.

 

 


Түркістан: Медицинаның өзекті мәселелері талқыланды
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкентте экоакция өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу