Ордабасы: Мәжілісте «Таза Қазақстан» акциясының барысы талқыланды
Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс болып өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева ағымдағы жылдың 8 ай көлеміндегі бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы, салық қарыздарының өндірілуі жөнінде баяндама жасап, кірістер басқарамасы мен ауыл округ әкімдері тарапынан жүйелі, нақты жұмыстар жүргізілмеуінен салық түсімдерінің толыққанды орындалмау қауіпі бар екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің жоспарларының орындалауын баяндады.
Мәжілістің бектілген жоспарына сәйкес екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кадиев Бөржар, Шұбарсу, Бадам ауыл округтерідегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалу барысындағы орын алған кемшіліктер сөз етті.
Жиында аудан әкімінің орынбасарлары Ақмұратов Мейрамбек Ақмұратов, Қыдырбай Сейітқұл, Олжас Болатханұлы жетекшілік ететін салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі мәжілісті қорытындылап бюджеттің кіріс бөлігінің, салық түрлерінің толыққанды орындалуы бойынша кірістер басқармасымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуді, бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуін қамтамасыз етуді, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын салалық орынбасармен жауапты бөлім басшыларына тапсырма беріп, күнделікті қадағалауды тапсырды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясынның орындалуы әрбір елді мекендерде сапалы жүргізілуін, жазғы маусымда егілген ағаш, гүл көшетерінің суғарылуын аудан әкімі аппараты инспекторлары күнделікті қадағалап мәлімет ұсынып отыруын міндеттеді.
Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер ететін факторлар орын алған жағдайда алгоритим бойынша шұғыл жұмыс жасауды тапсырып, мәжілісте айтылған мәселелердің барлығын хаттамалық тапсырмаға енгізіп, орындалуын қатаң бақылау бойынша тапсырмалар берілді.