Түркістаным – Тұраным

Oinet.kz 05-09-2021 728

Түркістанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің саммиті аясында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістаным - Тұраным» атты суретшілер симпозиумы өтті. 

image.png

Симпозиум мақсаты - түркітілдес халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты, мәдени байланысты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Сондай-ақ, түркітілдес мемлекеттердің белгілі де белді суретшілерінің туындыларын насихаттау және бір-бірімен іс- тәжірибе, пікір алмасу. Сонымен қатар қылқалам шеберлерінің өзара тығыз қарым-қатынаста болуына ықпал етіп, Түркістанды өнер тілімен насихаттау. 

Аталмыш 5 күндік симпозиумге халықаралық дәрежедегі 29 қылқалам шеберлері қатысып, 120-дан астам шығармашылық жұмыс ұсынды. Бұл деген - қылқалам шеберлерінің Рухани астана - Түркістанды ұлықтауға қосып отырған үлестері. 

Симпозиумның салтанатты ашылу рәсімінде TÜRKSOY халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтап, мәртебелі дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ ол сертификаттар тапсырды. 

Қырғызстанның атақты суретшісі Юристанбек Шыгаев пен ҚР Көркем Академиясының академигі, вице - президенті Ерлан Айтуаров суретшілерді қолдап және бейнелеу өнерін дамыту мақсатындағы осындай ауқымды іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етті. Шараны ұйымдастырушыларға суретшілер атынан алғыс білдірді. 

Шара барасында қонақтар суретшілердің рухани астанамыз - Түркістанның көрікті жерлерін кенеп бетіне майлы бояумен салған төл өнерлерін тамашалады. 


Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды дамуда
Төлебилік жиһаз цехы айына 200 орындық жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу