Білімі де, құзіреттілігі де жоқ: Исламтанушы Нұрлан имам туралы шындығын айтты

Oinet.kz 13-03-2026

Белгілі исламтанушы Нұржан Смағұл әлеуметтік желі арқылы танымал иамам Нұрлан Байжігітұлы туралы пікірін жариялап, оның фиқһ пен ақида бойынша үкім беруге құзыреті жоқ екенін айтты, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Нұржан Смағұлдың айтуынша, Нұрлан имам  Қазақстан үшін жақсы ниетте, бірақ ниет жеткіліксіз, егер  білім болмаса, құр ниетпен көп нәрсені бүлдіріп алуға болатынын айтты. Исламтанушы бұл пікірінің Нұрлан имамның жеке басына емес, тек кәсібилігіне қатысты айтылғанын ескертті. 

"Осыған дейін Нұрлан имам ағамыз туралы ештеңе айтпаған едім. «Өздерінің араларында кикілжің болып жатыр» деген елдің сөзіне қалмас үшін айтпай жүргенмін. Бірақ ол кісі соңғы уақытта шынымен де шариғатқа сай емес көп дүниелерді айтып жатыр. Сонымен ол кісі жайында баян еткім келіп тұр. Менің үкімім ол кісінің кәсібилігіне қатысты болады. Жеке басына ештеңе деп тұрған жоқпын. Шариғи тұрғыдан айтатын болсақ, Нұрлан ағамыздан ақидалық және фиқһ үкімі алынбайды. Ол кісіде құзыреттілік, осы салада білім жоқ. Оған бірнеше дәлелдер бар. Фиқһ, ақида бойынша бірнеше жыл оқып, араб тілінің грамматикасын, Құранның тәпсірлерін, үкімдерін білу керек. Бұл — оңай дүние емес. Ғалымдарымыз оған қаншама жылдар жұмсайды. Мен ол кісінің арабша сөйлегеніне, беріп жатқан үкімдеріне қарап ол кісіде ондай құзыреттілік жоқ екенін айта аламын. Фиқһ пен ақидасында өте үлкен қателіктер бар. Мен оны тізбек-ақ қояйын. Сондықтан мені тыңдайтын кісілерге Нұрлан имамда фиқһ пен ақида бойынша үкім беретін білім де, құзыреттілік те жоқ екенін айтқым келеді», — дейді ол.

Нұрлан Байжігітұлы бұл сынға ресми жауап берген жоқ, алайда Instagram сторисінде былай деп жазды: «Бір жағы қуанамын. Өзін емес мені уайымдайтын ұстаздар мен олардың шәкірттері барына. Тек менің айтқаным ақиқат. Мен ғана хақ дінді айтамын, басқаның бәрі оның ішінде тик ток молда адасушы жәнеи адастырушы деп уайымдап жүргендер аман болсын».

Исламтанушы: 28 мың жыл өмір сүрген жынмен кездестім
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу