Әдеби кейіпкер – психологиялық синдром
16-04-2025
Ыбырайым пайғамбар көктем келгенде ел жұртты түгел шақырып, үлкен дастархан жаяды екен. Олар үйіне келген кезде барлығымен төс қағыстырып, көрісіп құшақтасыпты. Пайғамбармен көрісіп, құшақтасқан жанның көңілі жұмсарып, өкпе-реніштен арылыпты. Бәрінің бауырмалдық қасиеттері ояныпты. Ыбырайым пайғамбардың есімі «Пайғамбарлар қиссасында» ең алғаш құшақтасып көріскен адам ретінде сипатталады. Пайғамбар өзінің бұл әдебін:
– Көрісу көңілдің кірін шаяды. Ашу-ыза мен күмәнді жояды. Жүректегі ыстық мейір-махаббаттың табы көріскенде барлық адамға беріледі. Сондықтан ешкімге өкпе, ыза, реніш сақтамай, барлығымен көрісіп, қауышып жүріңдер, – деп өсиет айтқан екен. Алыстан сағынысып келген кісілердің бір-бірімен құшақтасып қауышатын жоралғысы осының белгісі ретінде орнайды. Содан бастап бұл рәсім жолға қойылып, көрісу дәстүрі кеңінен тарапты. Қыс бойы бір-бірімен жолықпай, көріспей отырған елдер көктем шыға, жаппай араласып, қуаныштарын жүрекпен білдіруге тырысатын болыпты. Әсіресе, наурыз айының 14-нен бастап ағайынның бәрі бір-бірімен құшақтасып көрісіп, мауқын басатын дәстүр
қалыптасыпты. Қазір де Батыс Қазақстан өңіріндегі қазақтар көрісу салтын ұстанып келеді.
«Отбасы хрестоматиясы»